Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту бастамасы әлемде бейбітшіліктің қалыптасуына ықпал етеді - Йона Мецгер

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Раввиннің пайымдауынша, біздің міндетіміз - дінсіздермен күрес емес, тек дінге деген сенімді нығайту. «Мен бүгін жиынға қатысушылардың бейбітшілік пен келісімге бағытталған құнды пікірлерін естідім және олар болашақта іс жүзінде жүзеге асады деген үміттемін», - деді Израиль өкілі.
Ол дін үйлерін теріс, арам пиғылдағы ниеттерге пайдалануға болмайтындығын атап өтті. «Өйткені дін үйлері - жаратқанның жердегі өкілдігі. Осы орайда айта кетейін, тамыз айының 29-ы - Қазақстан Президентінің ядролық қарудан бас тарту күні ретінде есте қалды. Біз бұл ізгі қадамды өте жоғары бағалаймыз және онымен мақтанамыз. Қазақстан басшысы дана саясат жүргізіп отыр. Сондықтан бұл батыл шешім Сіздің ғана еліңізде бейбітшілік орнатып қоймай, әлемде де бейбітшілік пен тыныштықтың кепілі болады деген ойдамын», - деді Йона Мецгер Елбасына қарата айтқан сөзінде.