Қазақстанның жаһандық антиядролық қозғалысқа қатысуына арналған мұрағаттық суреттер жарияланды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Ақорданың ресми парақшасында Қазақстанның жаһандық антиядролық қозғалысқа қатысуына арналған мұрағаттық суреттер көпшілік назарына ұсынылды.
«Елбасының дербес парақшасында Қазақстанның жаһандық антиядролық қозғалысқа қатысуына арналған мұрағаттық суреттер ұсынылды.
Осы бағыттағы еліміздің бастамасы әлемдік қауымдастықпен жаһандық қауіпсіздік архитектурасын нығайтуға қосылған қомақты үлес ретінде танылды.
АҚШ президенті Барак Обама Қазақстанды әлем үшін ядролық қарусызданудың үлгісі ретінде атауы да кездейсоқ емес.
Суреттермен мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады», делінген жазбада.