Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнес үлесі 17 пайыздан асып түсті - Б.Сағынтаев

«Мұндай сұхбат алаңының болуы біздер үшін барынша өзекті. Кәсіпкерлік - ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін айқындайтын қозғаушы күші. Оны қолдау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты бақылауында, сонымен қатар біздің Үкімет жұмысының тұрақты басымдығы болып саналады», - деді Б.Сағынтаев.
Оның атап өтуінше, Қазақ елі тәуелсіздік жылдары ішінде бизнес ахуалды жақсарту әрі әкімшілік кедергілерді төмедету бағытында бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Бизнес үшін рұқсат беру шараларының жалпы саны айтарлықтай қысқарып, мемлекеттік органдардың бақылау қызметіне тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылды. бұл бағыттағы жұмыстар одан ары жалғаса бермек.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 800 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Оларда 2 600 мыңнан астам адам жұмыс істеуде. Жалпы, шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 17 пайыздан асып түседі», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.