Қазақстанның жалпы сыртқы борышының 72 пайызы, яғни ең көп мөлшері корпоративтік секторға тиесілі

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат -  Қазақстанның жалпы сыртқы борышының 72 пайызы, яғни ең көп мөлшері корпоративтік секторға тиесілі.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Мемлекеттік кепілдік берілген және квазимемлекеттік борышты басқару тақырыбындағы Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлімдеді.

«Еліміздің жалпы сыртқы борышының құрылымына келсек, онда мемлекеттік борыш 5 млрд. доллардың, немесе жалпы сыртқы борыштың 4 пайызын ғана құрайды. Ал, квазимемлекеттік сектордың борышы 21 млрд. долларға тең. Бұл еліміздің жалпы сыртқы борышының 17 пайызы. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы борышы 8 млрд. немесе 7 пайызды құрап отыр. Ал, корпоративтік сектордың сыртқы қарыздары 90 млрд. долларға жетті. Бұл жалпы сыртқы қарыздың 72 пайызына тең»,-деді баяндама барысында Б. Жәмішев.

Сөйтіп, министрдің айтуынша, Қазақстанның жалпы сыртқы борышының 72 пайызы, яғни ең көп үлесі корпоративтік секторға тиесілі. Бұлар мемлекеттік емес немесе мемлекеттің қатысуы 50 пайыздан кем кәсіпорындар болып табылады.

«Бұлардың ішінде 60 млрд. долларды құрайтын қарыз тікелей инвестицияларға жататын қарыздар болып табылады. Яғни мұнай-газ секторындағы шетелдік компаниялар болып отыр. Сондықтан да, әлгіндей компаниялар өздерінің еншілес кәсіпорындарын қаржыландырып, соның есебінен мемлекетіміздің жалпы сыртқы борышы қалыптасып отыр. Осыған байланысты борыштар бойынша сыртқы кредиторлар тарапынан мемлекетке қысым тәуекелі аса төмен деп айтуға болады»,-деді Қаржы министрі.

Соңғы жаңалықтар