Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 124,1 миллиард АҚШ долларын құрайды - Данияр Ақышев

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 124,1 миллиард АҚШ долларын құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті.

«Елдің жалпы сыртқы қарызы маусымның аяғында 124,1 миллиард АҚШ доллары болды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған қарыздың 45,3 пайызы фирмааралық берешекке тиесілі болып отыр. Ал мемлекеттің сыртқы борышы бар-жоғы 6,5 миллиард долларды құрайды.

«Мониторлық шолу бойынша банктердің сыртқы борышы қыркүйектің аяғында 16,2 миллиард доллар болды», - деді Д.Ақышев.

Соңғы жаңалықтар