Қазақстанның жастары өз тарихын білуі керек - Бауыржан Байбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміз дамыған 30 мемлекеттің қатарына кірсін десек, онда ең бастысы - рухымыз мықты болуы қажет. Бұл, әсіресе, қазіргі жастарға қатысты, деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі» жобасымен жарық көрген дерекнамалық кітаптың таныстырылымында. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Айта кетейік, бүгін «Нұр Отан» партиясының және «ERG Көмек» қайырымдылық қорының көмегімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23-жылдығына орай, «Тәуелсіздік шежіресі. Қазақстан Республикасы» 50-томдық тарихи-деректі еңбектің кезекті 10 томының тұсаукесері өтті. «Біз жастар дегенде 20 мен 30-дың арасындағы азаматтарды айтамыз. Олар алдыңғы буын секілді қиыншылық көрмей өсті. Елбасының саясаты - бейбітшіліктің, тұрақтылық пен келісімнің арқасында алаңсыз өмір сүруде. Ал, олардың ата-аналары көптеген қиын-қыстау замандардан өтті. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін жастар өз тарихын білуі керек», - деді Б.Байбек. Сондай-ақ, ол «Нұр Отан» халықтың партиясы болғандықтан осындай игі істерге қолдау көрсету басты парыз екендігін айтты. «Қазақстанның көк байрағын көтеретін кімдер? Бізден кейінгі толқын жастарды көзі ашық, көңілі ояу. Олар бірнеше тіл меңгерген. Өкініштісі, кейбір жастар тарих түгілі, өз ана тілін білмейді. Сол себептен, «Нұр Отан» партиясының басты мақсаты - жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу арқылы жетістікке жетелеу. Елбасы «Жастар - біздің алтын қорымыз» деп жақсы айтты», - деді Б.Байбек. Оның айтуынша, жаңа технологияның заманында жастар мәліметті қысқа-нұсқа етіп алғысы келеді. «Осы орайда «Мұнара.кз» сайтын ашып, тарих, дін, дәстүр тақырыптарында қызықты контент жасап отырмыз. Бұл кітаптардың құнды материалдары да сол сайтта жарық көретін болады. Елбасы «Интернет оқыған жастарды кітап оқыған жастар билейді», деп дөп басып айтты. Сол себепті біз жастардың нағыз білім бұлағы - кітаптан сусындауына жағдай жасауымыз қажет», - деді Б.Байбек.

Соңғы жаңалықтар