Қазақстанның «жайдарман» жастары БҚО әкімінің жүлдесі үшін сынға түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында БҚО әкімінің жүлдесі үшін «Тәуелсіздікке 25 жыл!» атты республикалық «Жайдарман» ойындары мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

null
  «Ақжайық» КТК лигасы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған, Қазақстан КТК одағының президенті Есен Елеукен жүргізген тапқырлар сайысына Ақтөбеден «Фемида», Маңғыстау облысынан «Боранқұл», Арқалық қаласынан «Ару.кz», Атыраудан «Сағыз» бен «Бейбарыс», Оралдан «КазИИТУ», «Жаңа толқын», «Грант», БҚО-дан «Намыс» командасы қатысты.

 Онда Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиевтің атап өткеніндей, биыл жетінші рет ұйымдастырылған республикалық фестиваль ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Осындай мереке қарсаңында «жайдарманшылар» тапқыр әзілдерімен жұртшылықтың, әсіресе, жастардың көңілін көтерумен бірге оларға ой салады. Кейбір кемшіліктерді сынға алып, түзетуге шақырады. «Жайдарманшылар» қатары жыл сайын өсіп келеді. Тек Батыс Қазақстан облысының өзінде 57 команда бар. Жастардың өздерінің бос уақытын құр өткізбей, спортпен айналысып, осындай ойындарға қатысып, қоғамдық ұйымдарда бас біріктіруінің маңызы зор.

Фестиваль қорытындысында Атырау облысы Қызылқоға ауданынан келген «Сағыз» командасы облыс әкімінің кубогын жеңіп алды. Арқалықтық «Ару.кz» екінші, оралдық «КазИИТУ» үшінші орынды иеленді. Ақтөбелік («Фемида») Есет Мырзағалиев «Үздік ойыншы» атанды.

Соңғы жаңалықтар