Қазақстанның жедел экономикалық дамуы мен жетістіктері ҚР Президентінің көреген саясатының арқасында мүмкін болды - ЕП вице-президенті Л. Ручек
Қазақстан Республикасының Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және өкілетті елшісі, Еуроодақ пен НАТО жанындағы миссия басшысы Ерік Өтембаевпен Брюссельде өткен кездесуі барысында Еуропалық Парламенттің вице-президенті Либор Ручек осындай пікір білдірді.
Кездесу барысында қазақстандық елші Еуропарламенттің вице-президентіне Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын хабарлай келе, сұхбаттасушысына біздің еліміздің ағымдағы жылғы Елбасы анықтаған саяси, экономикалық, сонымен қатар сыртқы саяси салалардағы басым бағыттарды түсіндіріп өтті. Еуропарламенттің өкілі Мемлекет басшысының Жолдауында қадап айтылған негізгі бағыттарға үлкен бағасын берді.
Либор Ручек Қазақстанның айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін айта келе, біздің еліміздің орталықазиялық аймақта маңызды роль атқаратындығын мойындады.
Өз кезегінде Е.Өтембаев Либор Ручекке Еуропарламент тарапынан біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде, сонымен қатар Қазақстан бастамаларына, атап айтқанда Елбасының Астанада Ұйым Саммитін өткізу туралы бастамасына қолдау танытқаны үшін алғысын жеткізді.
Либор Ручек Қазаақстанның соңғы 11 жылда өтпеген ЕҚЫҰ Саммитін Қазақстанның жас Астанасында өткізу туралы бастамасы өте маңызды әрі дер кезінде айтылғанын атап өтті.
Кездесу қорытындылары бойынша тараптар ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтап өтіп, болашақта да екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуда мүдделіліктерін танытты.