Қазақстанның жекелеген өңірлерінде түнде 0-5 градусқа дейінгі суық сақталады - Қазгидромет

СТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қыркүйектің 15-і күні Қазақстанның басым өңірі жоғары қысымды аумақтың ықпалында болады, тек оңтүстік өңірлер ағымды бөліктер аумағының әсерінде болады.
None
None

Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтілуде.

Жамбыл мен Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с екпінде жел болжанып отыр.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей өңірлерде 0-5 градус суық сақталады, Алматы мен Жамбыл облыстарының кей жерлерінде суық, топырақ бетінде 0-3 градус үсік жүруі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар