Қазақстанның жеміс-жидек өнімдерін Ресей кері қайтарып жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қырғызстаннан заңсыз тасымалданған 300 тоннаға жуық карантинге жатқызылған өнім Ресей Федерациясының Новосібір облысы аумағына өткізілмеді, деп хабарлайды Ресейдің мал дәрігерлік және фитосанитарлық бақылау жөніндегі федералды қызметі.
Ресей ауыл шаруашылығы бақылау басқармасының мәліметінше, Қазақстаннан және Қырғызстаннан шыққан автокөліктер 70 тоннаға жуық шие, 90 тонна сары өрік, 58 тонна қызанақ, 20 тонна күріш қабығы және 3 тонна қызылшаны заңсыз жолмен Новосібір облысының аумағына өткізбекші болған.
Карантиялық фитосанитарлық бақылау барысында өнімдердің орамаларында өнімнің атауы, өндірген елі, экспорттаушы және/немесе реэкспорттаушы жайлы ақпарат беретін таңбаларының жоқтығы анықталды. Ал күріш қабықтары жарамсыз фитосанитарлық сертификатпен тасымалданған.
Жүктер Қазақстан және Қырғызстан Республикаларына қайтарылды.