Қазақстанның Жемқорлықты қабылдау индексінде позициясы нашарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес деңгейін зерттейтін Transparency International ұйымының рейтингінде Қазақстан екі сатыға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 180 ел мен аумақ қамтылған. Онда сарапшылар мен бизнесмендердің пікірі ескеріле отырып, мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық деңгейіне 0-ден 100-ге дейін ұпай беріледі. Мұнда 0 саны сыбайлас жемқорлыққа белшеден батқанды ұғындырса, 100 - одан ада дегенді білдіреді.

«Әлем елдерінің үштен екі бөлігі 50-ден төмен ұпай жинады, орташа көрсеткіш - 43 ұпай. Демек, көптеген елдердің жемқорлықты қадағалай алмауы әлемдегі демократия дағдарысына әкеп соғуы мүмкін. Немесе алға даму байқалса да, мемлекеттердің басым көпшілігі сыбайлас жемқорлықпен күреске кірісе алмай отыр», - деп жазылған Transparency International ресми сайтында.

Рейтингте жоғары ұпай жинаған елдер көшін Дания (88 ұпай), Жаңа Зеландия (87), Финляндия (85), Сингапур (85), Швеция (85) бастаған.

Қазақстан 31 ұпаймен 124-орында тұр.

Ал көршілес Ресей 28 ұпаймен 128-орынға, Қытай - 39 ұпаймен 87-орынға, Қырғызстан - 29 ұпаймен 132-орынға, Өзбекстан - 23 ұпаймен 158-орынға және Түрікменстан 20 ұпаймен 161-орынға орналастырылған.

Ал жемқорлық деңгейінің ең төменгі көрсеткіші Сомали (10), Сирия (123), Оңтүстік Судан (13) және Солтүстік Корея (14) елдерінде.

Еске сала кетсек, өткен жылы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 122-орынға көтерілген еді.

Соңғы жаңалықтар