Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі ішкі нарық қажеттілігінің 10 пайызын ғана қамтамасыз етеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі ішкі нарық қажеттілігінің 10 пайызын ғана қамтамасыз етеді. Ал қалған 90 пайызы - импорттық тауарлар. Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі саласына арналған форум барысында Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова мәлім етті.

«Бүгінгі таңда алдымызға ішкі нарық қажеттілігінің 30 пайызын қамтамасыз ету міндеті қойылған. Бұл әрине өте қиын. Бірақ өте қажет деңгей. Өйткені, ішкі нарықты 30 пайызға қамтамасыз ету  - кез-келген елдің экономикалық қауіпсіздігінің лайықты деңгейі. Осыған ұмтылуымыз қажет. Бұл үшін керек болса, осы салаға қатысты саясатты өзгертіп, мемлекеттік сатып алулардың кейбір бөлімдерін алып тастап, нарыққа белсене енуіміз қажет», - деді ол.

Бұдан басқа, Л. Худова 2015 жылы отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы сомасы 70 млрд теңге болатын өнім шығарғандығын айтты. Сәйкесінше, өткен жылы өндіріс көлемі 3,5 пайызға артқан.

Бүгінде мысалы, бір ғана балалар киімдерін, оның ішінде мектеп оқушыларына арналған киімдер өндірісін жолға қою арқылы, отандық жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемін екі есеге арттыруға болады екен. 

Соңғы жаңалықтар
telegram