Қазақстанның жеті облысында ауа райы салдарынан жолдар жабылды

Бүгін Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көрінімнің шектелуі) мына автожолда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді:
1. «Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 шақырымдар, Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін). Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында мына автожолда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді:
2. «Екатеринбург-Алматы» (1280-1353 шақырымдар, Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін). Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көрінімнің шектелуі) мына автожолдарда автокөлік қозғалысының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді:
3. «Астана-Қорғалжын» (39-169 шақырымдар, Ақмола облысынан Қаражар қорығына дейінгі учаске); 4. «Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» (16-51 шақырымдар); 5. «Астана-Петропавл» (18-230 шақырымдар, Астана қаласынан Щучинск қаласынан дейінгі учаске). Сағат 18.00-ден қоғамдық және жүк көліктері үшін мына автожолда қозғалыс шектелді:
6. «Екатеринбург-Алматы» (1006-1247 шақырымдар, СҚО шекарасынан Астана қаласына дейін);
Сағат 19.00-ден ауа райының нашарлауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді:
7. «Астана-Петропавл» (304-341 шақырымдар. Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
8. «Көкшетау-Омбы» (2-50 шақырымдар, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
9. «Көкшетау-Рузаевка» (0-61 шақырымдар, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін). Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім нашарлауы) автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді:
1.«Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» (108-123 шақырымдар); 2. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» (704-900 шақырымдар, Аягөз қаласынан Ақсуат ауылының бұрылысына дейін); 3. «Омбы -Майқапшағай» (942-1002 шақырымдар, Кеңтарлау ауылынан - Көкпекті ауылына дейін); 4. «Алматы-Өскемен» (977-1073 шақырымдар, Қалбатау ауылынан Қ.Қайсенов ауылына дейін);
5. «Өскемен-Семей» (45-154 шақырымдар, Таврия кенті - Шүлбіге бұрылысқа дейін).
Сонымен қатар қоғамдық көлік үшін мына автожолдарда қозғалыс шектелді:
6. «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары» (6-66 шақырымдар, Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына бұрылысқа дейін);
7. «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары» (100-167 шақырым, Октябрь кентінен Зырян қаласына дейін).
Сондай-ақ мына автожолда қоғамдық және жүк автокөлігі үшін қозғалыс шектелді:
8. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (25-105 шақырымдар, Михайловка ауылынан Риддер қаласына дейін). Сағат 16.45-те ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім шектелуі) мына автожолда тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк автокөлігі үшін қозғалыс шектелді:
9. «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» (54-102 шақырымдар, Первомайка кентінен Шемонаиха қаласына дейін).
Жамбыл облысында сағат 12-25-те ауа райының нашарлауына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолында (2005-2152 шақырымдар, Қарағанды облысының шекарасынан Бурылбайтал ауылына дейін) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінімнің шектелуі) автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді:
1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» (64-217 шақырымдар, Ботақара кентінен дейін); 2. «Қызылорда-Павлодар» (433-905 шақырымдар, Жезқазған қаласынан Топар кентіне дейін); 3. «Екатеринбург-Алматы» (1369-2005 шақырымдар, Осокаровка кентінен Жамбыл облысының шекарасына дейін;
Ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай облысында автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді:
4. «Жезқазған-Петропавл» (24-252 шақырымдар, Сәтбаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін). Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көрінімнің шектелуі) «Жезқазған-Петропавл» автожолында (340-377 шақырымдар, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Павлодар облысында сағат 18.00-ден бастап, ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көрінім нашарлауы, көктайғақ) облыс бойынша барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрлері бойынша қозғалыс шектелді.
Солтүстік Қазақстан облысында да сағат 18.00-ден бастап, ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көрінім нашарлауы, көктайғақ) облыс бойынша, барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрлері бойынша қозғалыс шектелді.