Қазақстанның жетістіктері Литва парламентінде өткен дөңгелек үстел қатысушыларының назарына ұсынылды

Сейм Спикерінің орынбасары Вирджиния Балтрайтиене іс-шараны аша отырып, әлемде тәуелсіздік алғаннан кейін азғана елдер қысқа уақытта елеулі табыстарға жеткенін атап өтті. Литвада Қазақстан сыртқы саясаттағы бастамаларына зор қызығушылықпен қарайды. Астанадағы Саммит - ЕҚЫҰ қатысушы-елдер арасындағы қатынастарының тарихында жаңа серпіліс берді.
Елші Ғалымжан Қойшыбаев өз сөзінде Тәуелсіздік жылдарында ішінде Қазақстанның дамуының басты қорытындыларын, осы жылдарда еліміздің жетістіктері арқылы екіжақты қарым-қатынастарының жағдайын баяндады, алдағы 2012 жылы қаңтарда өтетін парламенттік сайлау туралы хабарлады. Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы Президент Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекеттіліктің және демократиялық институттарының берік негізі құрылды, нарықтық экономиканың динамикалық дамуына қол жеткізілді. Елбасымыздың озық идеялары және түбегейлі жаңартулары Еуразиялық кеңістікте интеграцияны жылжытуына маңызды құралдарды болды.
Литва Ауыл шаруашылығы министрі Казимирас Старкявичюс қазақстандық аграршыларды рекордтық астық өніммен құттықтай отырып, Литва Республикасы Президенті Даля Грибаускайтенің ү.ж. қазан айындағы Қазақстанға сапары шеңберінде қол қойылған Ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастық туралы келісім екіжақты әрекеттестікті нығайтуда мүмкіндік туғызғанын атап өтті. Сапар барысында қол жеткізген уағдаластықтарды дамуында жақында Александр Стулгинскас университетіне (Литваның ауылшаруашылық университеті) 20 қазақстандық студенттер келеді, ал қазіргі кезде Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде 8 оқытушы өз жұмыстарына кірісті.
Литва Білім және ғылым министрінің орынбасары Нерия Путенайтенің пікірінше, ү.ж. қазандағы Литваның Білім және ғылым министрі Гинтарас Степонавичюстің Қазақстанға сапарының қорытындылары бойынша литва тарапы 2012 жылы Литва Жоғарғы оқу орындарында қазақстандық студенттерді оқыту үшін орын беруді шешті. Александр Стулгинскас университеті (Литваның ауылшаруашылық университеті) және Литваның Денсаулық ғылымдарының университет ректорлары білім саласындағы ынтымақтастықтың кеңеюіне дайындығын білдірді.
Екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарының жағдайына түсінік бере отырып, Литва Экономика министрдің орынбасары Даумантас Лапинскас биыл жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың да арқасында Қазақстан мен Литва арасында тауар айналымының екі есе өсуі болжамдауын атап өтті.
«Литва темір жолы» АҚ бас директоры Стасил Дайлидканың пікірінше, ҚР Тәуелсіздігін тойлау жылында Қазақстан мен Литва арасындағы «Сәуле» арнайы контейнерлік пойызының жіберілуі өте маңызды болды. Осы жобаға Қазақстан және Литва президенттерінің қолдауы мәнді серпіліс бергенін атады.