Қазақстанның Жоғарғы сот төрағасы БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Манфред Новакпен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Сәрсенбі күні Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков Қазақстанға сапармен келген БҰҰ-ның азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлері мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новакпен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында БҰҰ-ның азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның біздің еліміздегі қолданылу мәселелері талқыланды. Талқылауға Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Әбдрашид Жүкенов, алқаның бұрынғы төрайымы, отставкадағы судья Раиса Юрченко, сот сарапшысы, профессор Дуарте Виейра, Болцманн атындағы Адам құқықтары жөніндегі Вена институтының сарапшылары Изабель Тшан мен Роланд Шмидт қатысты. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ бірқатар заңгерлік және құқықтық мәселелерді, атап айтқанда соттардың тергеу барысына бақылауын кеңейту және тұтқындауға берілетін сот санкциясы туралы мәселелерді талқылады.
Соңғы жаңалықтар