15:47, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстанның жүйеқұраушы банктерге қолдау көрсетуі қадамын оң бағалаймын- Роберт Манделл
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанның жүйеқұраушы банктерге қолдау көрсетуі қадамын оң бағалаймын.
Бұл туралы бүгін ІІ Астаналық Экономикалық форум барысындағы баспасөз мәслихатында Нобель сыйлығынының лауреаты Роберт Манделл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен кейбір банктерді уақытша мемлекет қарамағына алу керек болғанына сенімдімін. Қазақстанда болған жағдайды қажетті қадам деп айтар едім»,-деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан мен АҚШ экономикасында айтарлықтай айырмашылық болғандықтан, бұндай қадамды АҚШ-тың банк жүйесіне қолдану қолайсыз. «Мәселен, америкалық экономиканың көлемі 15 триллион долларды құрайды. Қазақстан экономикасы 100 миллиард доллар», - деді ол.
Р. Манделлдің сөзіне қарағанда, жекеменшік банк жүйесі болуы тиіс. Жалпы мемлекеттендірілген банк жүйесі мемлекет тарапынан көп қадағаланады және бұл үдеріс жемқорлыққа жол ашады.