Қазақта би өнері болды ма?

АЛМАТЫ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақта би өнері болды ма деген сөз әлі көп. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Әубәкір Ысмайылов шығармашылығы мәдениеттің өзара әрекеттестігі аспектісінде» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конферецияда айтылды.
None
None

«Қазақ биін кейде дау-дамайға айналдырғысы келіп, қайсыбір білгіштер шаршайды. Би болмаса, Жұмат Шанин 1920 жылдары «Қазақта би деген сөз қайдан шықан» деп жаза ма? Қазақ әні, биі, күйінен айырылса кім болады. Өзімізді-өзіміз тұқыртып, белгілі бір шеңберге әкеп қамау бізге жат нәрсе болу керек», - дейді өнертанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әшірбек Сығай. Оның айтуынша, бимен халқымыз өзінің қуанышы мен қайғысын білдірген. Ал оның тарихын жазған адам Әубәкір Ысмайылов болды. Ол Дәурен Әбіров пен Шара Жиенқұловамен бірге бидің қазақтың төл өнері екенін дәлелдеген. Жәрдем Бәйтенов түсірген «Көгілдір маршрут» фильмінде «Қара жорға» биін өзі де көрсеткен. Халық суретшісі онда қазақтың би өнерінің тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп, оларды қағазға түсіріп, қалай қойғанын өз аузымен айтып береді.

Соңғы жаңалықтар