09:52, 20 Қараша 2023 | GMT +5
Қазақтан шыққан ресейлік саясаткер Аман Төлеев өмірден өтті

«1997 жылдан 2018 жылға дейін Кемерово облысының губернаторы болған Аман Ғұмырұлы Төлеев өмірден өтті. Ол бар ғұмырын Кузбасс пен Ресейге қызмет етуге арнаған жарқын, ерекше адам. Бұл — орны толмас қаза. Біздің аймақтың тұтас дәуірі Аман Ғұмырұлымен байланысты: ол кеншілер Транссібір темір жолындағы қозғалысты бөгеп, рельсте отырған қиын-қыстау кезеңде оны басқарып, дағдарыстан алып шықты», — деп жазды ол.