18:39, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Қазақтелеком» АҚ өткізу қабілеті 2 Мбит/сек болатын цифрлы арналарды жалдауға арналған тарифтерді 20 пайызға төмендетті
АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – «Қазақтелеком» АҚ 2008 жылы DWDM технологияларын енгізуге және деректерді берудің қолданыстағы жүйесінің өткізу қабілеттілігінің арттырылуына байланысты компания өткізу қабілеті 2 Мбит/сек болатын цифрлы арналарды жалдауға арналған тарифтерді төмендету бойынша жұмыстарды кезең-кезеңде жүргізді.
Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа компанияның баспасөз қызметі хабарлады.Бірінші кезеңде 2008 жылғы шілденің 1-інен бастап ұзындығы 600 шақырымнан жоғары арналарға арналған тарифтер төмендетілді. Екінші кезеңде тұтынушылардың оң үрдістер мен пікірлері ескеріліп, 2009 жылғы қаңтардан бастап ұзындығы 600 шақырымға дейінгі арналарға арналған тарифтер төмендетілді. Осылайша, «Қазақтелеком» АҚ байланыс операторлары үшін (өткізу қабілеті 2 Мбит/сек болатын) цифрлы арналарды жалдауға арналған тарифтерді 20 пайызға төмендетті.«Қазақтелеком» АҚ өз ресурстарының қуаты артқан жағдайда жекелеген бағыттарда 30 пайызға дейінгі мөлшерде қосымша жеңілдіктерді өз клиенттеріне ұсынуға әзір. Сонымен қатар, 2009 жылғы қаңтардан бастап, телехабарлар бағдарламаларын тарату үшін цифрлы арналарды жалдауға арналған тарифтер 20 пайызға төмендетілген.