«Қазақтелеком» ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып белгіленді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Үкіметі ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторын белгіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

«Қазақтелеком» ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып белгілендіидеомониторинга
Фото: Kazinform/ЖИ

— «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып белгіленсін, — делінген Үкімет қаулысында.

Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы «Киберқауіпсіздік туралы» заңға сәйкес белгіленді.

Қаулы 2026 жылғы 23 қазанда күшіне енеді.

Еске салайық, биыл 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда бейнебақылау камераларын орналастыруға қатысты жаңа талаптар күшіне енді. 

Бұған дейін Семейде «Сергек» камералары 123 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін тіркегені хабарланған еді.