Қазақтың домбырасының үнін патенттеуіміз керек – петропавлдық шебер

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавл тұрғыны Болат Қанафин қазақтың қара домбырасын жетілдіріп, оның заманауи үлгісін жасап шықты.

Петропавлдық шебер Болат Қанафин
Фото: Ақерке Дәуренбеқызы

Өнер табысын Болат Қатауұлы домбыра-синтезатор деп атаған. Қазір шағын шеберханасында музыкалық аспаптың төртеуі тұр. Соңғысы алдыңғыларынан әлдеқайда сапалы. Бірақ музыкант-шебер мұнымен тоқтап қалмақ емес.

Петропавлдық шебер Болат Қанафин
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

- Мына домбыра-синтезатордың бойында 32 дыбыс генераторы мен түрлендіргіштер бар, олар 120 функция атқарады. Яғни бұл аспаптан тек домбыра үні ғана емес, қазақтың басқа да ұлттық аспаптарының, сондай-ақ фортепиано, скрипка сияқты көптеген басқа да, соның ішінде соқпалы музыкалық аспаптарды ойнап, естуге болады, - дейді Болат Қанафин.

домбыра-синтезатор
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Ерекше музыкалық аспапты жасап шығаруды бала кезінен армандаған ол, бұл арманын жүзеге асыруға зейнет демалысына шыққаннан кейін кіріседі. Бұл кезде қажетті білім мен тәжірибе жеткілікті еді.

Петропавлдық шебер Болат Қанафин
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

- 13 жасымда мен орган-синтезаторды көрдім. Соның үні маған керемет ұнады. Үйренгім келіп, анама қолқа салдым, «мені мектепке бер, үйренемін фортепианоны» деп. Бірақ та, мені онда алмады, анама айтыпты «балаңыздың саусақтары қысқа, ойнай алмайды» деп. Анамның есімі Гүлжазира, ол өнерге жақын, домбыра тартып, дәстүрлі әнді керемет орындайтын. Айтуымен, домбыраны меңгеріп алдым. Кейін гитараны да үйрендім. Ал электрониканы бастан-аяқ маған арнайы білімі бар Жанбота ағам үйретті.

Петропавлдық шебер Болат Қанафин
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Өзім кезінде Туланың музыкалық мектебін скрипкашы класында тәмамдадым. Кейін Петропавлдағы пединститутқа түсіп, музыка пәнінің мұғалімі болып шықтым, аспирантурада оқыдым. Сондықтан бастапқыда қорқыныш болғанымен іске кірісіп кеттім, - дейді музыкант-шебер.

Ағылшын тілін жетік меңгерген Болат Қатауұлы қажетті электрониканы Жапонияның ірі корпорацияларының ресми сайттарынан тапқан.

Петропавлдық шебер Болат Қанафин
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

- Жапонияның кереметі – олардың электроникасы сапалы, бағасы қолжетімді. Домбыраның іші түгел Ямаханыкі. Бірақ, бізде Қазақстанда Жапониямен жұмыс істейтін ресми диллер компания жоқ. Сол себепті Ресей арқылы алып отырмын, ал олар бағаны екі есе қымбаттатып жібереді. Амал жоқ, алуға тура келеді. Соңғы домбыраны жетілдіріп, дамытуға, эксперименталды жұмыстар ғой – 8-9 ай кетті. Мен кеңес кезінде оқыған адаммын. Кәдімгі қарындаш, өшіргіш және сызғышты қолданып, сызба жасаймын. Түгел тұжырымдама дайын болғанда компьютерге салуға мамандар немесе балам көмектеседі, - дейді Болат Қанафин.

Петропавлдық шебер Болат Қанафин
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Бір домбыра-синтезатордың өзіндік құны, орташа алғанда 240 мың теңге шамасында. Шебердің айтуынша, желіге қойып, жасаған кезде бағасын екі есе арзандатуға болады. Қазіргі уақытта, шебердің айтуынша, түрлі ұсыныстар түсіп жатыр.

Петропавлдық шебер Болат Қанафин
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

- Ең алдымен Жапонияға барып келуім керек. Басты мәселе - домбыраның үні қазақтың ұлттық қазынасы ретінде патенттелмеген. Жалпы ұлттық аспаптардың ешқайсысының үні патенттелмеген. Осы жұмысты істеу керек, оны істемесек бұл домбыра да қымыздың күйін кешеді, - дейді Болат Қанафин.

Петропавлдық шебер Болат Қанафин
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Музыкант бұл аспапты негізінен балаларға арнап жасағанын айтады. Қазір домбыра-синтезаторды кенжесі Ислам сынақтан өткізіп жүр. Ол – дарынды балаларға арналған музыка мектебінің домбыра және дәстүрлі әнші сыныбында білім алып жатыр.

Петропавлдық шебер Болат Қанафин
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Бұған дейін СҚО-дағы тұрмысы жылқымен біте қайнасқан Махатовтар отбасы туралы жазған едік.

Домбыра-синтезатор
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы
кітап
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы
Петропавлдық шебер Болат Қанафин
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы
музыкалық аспаптар
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

 

Соңғы жаңалықтар