11:54, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Қазақтың домбырасы - музыка аспабы ғана емес, халықтар арасындағы достық құралы
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Варшавада польшалық және қазақстандық этнограф әрі музыка зерттеуші Александр Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» атты жаңа кітабының тұсаукесері болды,

деп хабарлайды Варшавадағы Қазақстан Республикасы елшілігінің баспасөз қызметі.
ҚР-ның Польшадағы елшісі Алексей Волков пен Польшаның бұрынғы президенті, қазір толеранттылық пен өзара сыйластық жөніндегі Еуропалық Одақты басқарып отырған Александр Квасьневскимен кездесу барысында оған қазақтың домбырасы, қазақтың халық әуендері жазылған мультимедиялық диск, сондай-ақ А.Затаевичтің қазақ, орыс, польша тілдерінде жарық көрген кітабы бар топтама сыйға тартылды.