Қазақтың кең байтақ даласын салғанды ұнатамын - француз суретшісі М.Ривази-Оффан

Онда бір керемет дүниелер бар. Бүгін Астанада қазақ пен француз суретшілерінің бірлескен халықаралық көрмесі аясында журналистерге сұхбат берген Францияның танымал суретшісі Мартин Ривази-Оффан осылай айтты.
«Қазақстанның пейзаждарын салған кезде, нақты бір детальдардан бұрын тыныштықты, аспан, жер мен судың үндестігін сезесін. Мен шексіз бір кеңістікке түсіп, содан ляззат аламын. Мәселен, қысқы пейзажды алсақ, айналаның бәрі аппақ сияқты. Алайда оның өзі тұнып тұрған шығармашылық қой. Мен өзімнің ішкі дүниеме үңіліп, абстракция үлгісінде сан алуан көріністерді көремін. Қазақтың дархан даласы мені соған жетелейд», - дейді М.Ривази-Оффан.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы Оқушылар сарайында ашылған қазақ пен француз суретшілерінің халықаралық көрмесіне М.Ривази-Оффанның «Қайыңдардың кең пейзажы», «Теңіз көліндегі фламинго» және «Бірқұшақ раушан гүлі» сияқты туындылары қойылды.