21:45, 25 Мамыр 2018 | GMT +5
Қазақтың «Киіз басу» биі Қытай телеарнасынан көрсетілді
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдағы қандастарымыздың би ұжымы Қытай Орталық Телевизиясы CCTV-3 мәдениет және өнер телеарнасының «Би әлемі» бағдарламасында «Киіз басу» биін биледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Киіз басу» - Қазақ дәстүрін бейнелейтін ұлттық биінің бірі. Мұнда жүн түту, жүн сабау, киіз басу кезіндегі қимылдар айшықты бейнеленеді.
Айта кетейік, қытайдың «Би әлемі» бағдарламасы CCTV-3 телеарнасында 2015 жылдан бері көрсетіліп келеді. Бағдарламада әр ұлттың түрлі би өнерлері кеңінен қамтылған.