Қазақтың тұңғыш дипломаты Н.Төреқұловтың сенім грамотасын тапсыруы қасиетті Рамазан айындағы Қадыр түнімен сәйкес келген - Сауд Арабиясының жауапты өкілі Мәжид әт-Түрки

nbsp;АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақтың тұңғыш дипломаты, белгілі қайраткер Нәзір Төреқұловтың сенім грамотасын тапсыру күні қасиетті Рамазан айындағы Қадыр түнімен сәйкес келген. Бұл туралы бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен кездесуде Сауд Арабиясы корольдігі Ислам істері министрлігінің Ресей және ТМД елдері бойынша жауапты өкілі, доктор Мәжид әт-Түрки айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында мәртебелі мейман университет оқытушылары мен студенттері алдында дәріс оқып, Қазақстан мен Сауд Арабиясы корольдігі арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынастар туралы баяндама жасады. «Екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарының дамуына қазақтың алғашқы дипломаты, сол кездегі Кеңес одағының Сауд Арабиясы корольдігіндегі елшісі Нәзір Төреқұловтың сіңірген еңбегі мол. Оның Сауд Арабиясы корольдігіне сенім грамотасын тапсыру күні қасиетті Рамазан айындағы Қадыр түнімен сәйкес келген. Оны Нәзір Төреқұловтың өзі де атап өткен болатын. Бұл, сөз жоқ Қазақстан мен Сауд Арабиясы корольдігі арасындағы ынтымақтастық байланыстардың дамуына өз септігін тигізеді», - дейді М.әт-Түрки.

Айта кетейік, Мәжид әт-Түрки - Ислам университетінің түлегі. Уағыз-насихат және ақпарат колледжін «Баспасөз және қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бітірген. Ислам университетінде «Журналистика» бойынша магистратураны аяқтап, осы жоғары оқу орнында - кандидаттық, ал Мәскеу мемлекеттік университетінде докторлық диссертация қорғаған. Ғалым жазған ғылыми шығармалардың ішінен «Нәзір Төреқұлов. Кеңес одағының Сауд Арабиясы корольдігіндегі елшісі. Хаттар, күнделіктер және есептер» атты зерттеу еңбегін ерекше атап өткен жөн. Қазақтың тұңғыш дипломаты туралы баяндайтын бұл кітап Қазақстан мен Сауд Арабиясы корольдігі арасындағы ынтымақтастық байланыстардың дамуына әсерін тигізген. Қазіргі кезде оның «Исламның Ресейдегі және ТМД елдеріндегі жағдайына сараптама» атты зерттеу еңбегі баспаға дайын тұр.

Соңғы жаңалықтар