Қазалы маңында армениялық азаматтың жүк көлігі өртенді

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы аумағындағы «Шымкент-Самара» тас жолының бойында армениялық азаматтың жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға 26 тамызда сағат 16.23-те Қазалы ауданында болды. Жергілікті №9 өрт сөндіру бөлімнің байланыс бекетіне хабар келіп түскен. Онда аудан орталығы - Әйтеке би кентіне жақын «Шымкент-Самара» тас жол бойында орналасқан «Арзан» кешенінің маңында жүк көлігінің жанып жатқаны айтылған.

«Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетті. Оқиға орнында Армениядан Алматы қаласына бағыт алған «Iveco» жүк көлігіне тиелген плинтустар жанғаны анықталды. Оқиға орнына №9 Өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер өрт сөндіру көлігімен келді. Мамандар жүк автокөлігінің толық жануына жол берген жоқ. Тілсіз жау 16.38-де оқшауланып, 17.00-де толық сөндірілді. Автокөлік иесі Армения азаматы екендігі белгілі болды. Өрттің шығуы себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Сондай-ақ, бұған дейін Қызылордада достарымен балық аулауға шыққан 55 жастағы азамат суға батып кеткендігі хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар