Қазалыда екі бірдей жаңа мектеп пайдалануға берілді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Басықара және Жалаңтөс баһадүр ауылдарында 250 орындық жаңа мектеп құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.
None
None

Басықара елді мекеніндегі №182 орта мектептің құрылысына облыстық бюджет есебінен 415 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар Жалаңтөс баһадүр ауылындағы Қашақбай Пірімов атындағы №103 мектепке 450569,18 теңге қаралған. Мектеп құрылысын «Болашақ - құрылыс» және «Тех Сервис - Қызылорда» ЖШС-і салып бітірді. Типтік үлгіде салынған мектепте барлық жағдайлар қарастырылған. Сынып кабинеттері заманауи жабдықтармен жасақталған.

Соңғы жаңалықтар