Қазалыда кәсіптік қайта бейімдеу қолға алынды

ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 5-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қазалы ауданындағы №5 және №8 кәсіптік лицейлерде жергілікті жұмыссыз азаматтарды түрлі мамандықтарға қайта даярлау шарасы жүргізілуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан басшылығының қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл тірлік тұрғындар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетуге оң ықпалын жасайды. Бүгінгі күні Ақжона ауылдық округінен келген 33 адам механизатор кәсібінің қыр-сырын игеріп, алдағы уақытта ?РЗА? акционерлік қоғамының ауылдағы егіс жұмыстарына қатысуға мүмкіндік алмақшы. Сонымен қатар құрылыс шебері кәсібін меңгеруге талаптанған 37 адам аудандағы ?Қазалы-сәулет?, ?Қазалы-құрылыс? және басқа да серіктестіктерде екі қолға бір кәсіп табатын болады.
Соңғы жаңалықтар