Қазалыда құны 1694,8 млн. теңгені құрайтын мал фермасының құрылысы жүріп жатыр - Қызылорда облысы

Оның бірі Қазалы ауданында жалпы құны 1694,8 млн. теңгені құрайтын «660 мүйізді ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасын салу» жобасы. Бұл жобаның бастамашысы «РЗА» АҚ болып отыр. Қазіргі таңда жобаға сәйкес мал фермасы, бұзау қора, төлдету орны, кіші стансы құрылыстарын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстарының 80 пайызға жуығы аяқталып, әкімшілік ғимарат, сүрлем дайындау орлары мен органикалық тыңайтқыштар дайындайтын кешен құрылысы бітіп тұр.
Аталмыш жобаның алғашқы төлемдерін енгізуге қолдау көрсету мақсатында, облыстағы бюджеттен тыс қорлардан «РЗА» АҚ-на қайтарымды негізінде пайызсыз 250,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Осындай инвестициялық жобаларды орындау үшін «Қазагроқаржы» АҚ-ның тарапынан қаржыландыру кестесіне сәйкес бөлінген 892,75 млн.теңге қаржы игерілді. Жоба толық іске қосылған кезде 60 жұмыс орны ашылып, 1200 бас асыл тұқымды мал өсірілетін болады. Бұл жоба жыл соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.