Қазалыдағы егіздер ауылында үшем дүниеге келді

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы егіздер ауылы атанып кеткен Ү.Түктібаев елді мекенінде тұратын Алтынбаевтар әулетінде үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазалы ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ауылда бұрын 23 егіз, 1 үшем өмірге келген. Ал 42 жастағы Қуаныш Алтынбаев пен 32 жастағы Айгерім Махамбетжанова бұдан бұрын бес балалы отбасы болатын. Енді олардың қатарына Айғаным, Айғанат, Асылым есімді үш қыз қосылды. Жас ана нәрестелерді Қызылорда қаласындағы Ана мен бала орталығында дүниеге алып келді. Үшемдер қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында.


Соңғы жаңалықтар