19:41, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
Қазалыдағы күріш зауытының өнімдері экспортқа шығарылуда
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қазалылық жеке кәсіпкер Мерей Есқожаевтың иелігіндегі күріш ақтау зауытының өнімдері түрлі өлшемдегі қаптамаларға салынып, еліміз бен Ресей мемлекетіне жөнелтілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі .
Жалпы құны 10 млн. теңгені құрайтын зауытқа Қытай Халық Республикасынан заманауи қондырғылар алынып, тәулігіне 100 тонна күріш ақталуда. Мұнда 29 адам еңбек етеді. Жақын күндері «Сыр маржаны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінде құрама жем шығаратын зауыт құрылысы басталмақ.