19:33, 21 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Қазалылық шебер бос құтыларды да қажетке жарата біледі
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазалы ауданының Жалаңтөс батыр ауылында ағаштан түйін түйген қолөнер шебері тұрады. Түрлі жіптен ұлттық ою-өрнектің нақышын келтірген Бақтыбай Тәжібаевтың шеберлігіне бүкіл ауыл тамсанады.

Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтынан хабарланды.
Қолөнер шебері тәуелсіздік мерекесіне сый ретінде ағаштан Астананың символына айналған Бәйтеректі жасаса, түрлі жіптен қазақтың қара шаңырағын бейнелеген. Ол өз өмірінде мыңнан астам түрлі қолөнер бұйымдарын жасап шығарған. Әдетте керексіз болып қалатын құтылар да Бақтыбайдың кәдесіне жарапты. Шебер олардан гүлдердің сан түрін жасаған. Мұғалім болып қызмет ететін оны ауылдастары «Бақтыбай шебер» деп атап кеткен.