Қазалының шалғай ауылында кондитерлік өнімдер шығарылады
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қазалы ауданына қарасты Кәукей ауылында кондитерлікөнімдер шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еселі еңбегінен береке тауып жатқан кәсіпкердің есімі - Балқия Қожаева. Кондитерлік өнімдер шығарумен айналысатын ол кәсібін кеңейтуде. Жуырда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында грантқа қол жеткізіп, тағы бір жобаны іскеасыруда. Яғни, бүгінде Кәукей ауылынан наубайхана ашты.
Қара нан, печенье, торт, таба нан, кекс, пицца, тоқаш секілді кондитерлік өнімдермен ауылдастарын ғана емес, көршілес елді мекен тұрғындарын да қамтамасыз етіп отыр.
«Жалпы, ауылға нан көбіне кент орталығынан келеді. Енді, Әйтеке би кентімен Кәукей ауылының арасы едәуір жер. Кейде, келетін нан қатып қалып, жазғы уақыттары бұзылып кетіп жатады. Осы орайда, «Неліктен ауылдан өзімізде наншығармасқа?!» деген ойға бекідім. Тәуекел етіп, жоба жасап, грантқа қолжеткіздім. Алдағы уақытта кәсібімді кеңейтсем деймін. Үлкен пештерге тапсырыс беру үстіндемін. Жаныма көмекші алып, бір адамды болса да жұмыспен қамту жайында жоспарым бар»,- дейді кәсіпкер.