15:56, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Қазан айында елордада тіркелген заңды тұлғалар саны 1,4 пайызға артты
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қазан айында Астана қаласында тіркелген заңды тұлғалардың саны 1,4% артты.

Аталған мерзімде барлығы 543 кәсіпорын мен ұйым тіркеліп, 62-сі жабылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады. Жаңадан тіркелген заңды тұлғалардың ішінде 523 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ЖШС) түрінде рәсімделді. Сондай-ақ, 11 қоғамдық бірлестік пен қор, 6 тұтыну кооперативі, 2 мекеме, 1 акционерлік қоғам қамтылды. Жабылған кәсіпорындардың ішінде 60 ЖШС, 1 мекеме, 1 акционерлік қоғам бар. Биыл қазан айында тіркелген заңды тұлғалардың басшыларының 380-і - ер, 163-і - әйел. Осы кезеңде жабылған кәсіпорындардың арасында ерлер саны - 39, әйелдер 23-ті құрады.