Қазанда Байқоңырдан үш ұшырылым жүзеге асырылады - Ресейғарыш

БАЙҚОҢЫР. 2 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қазан айында Ресейғарыш «Байқоңыр» ғарыш айлағынан үш ұшырылымды жүзеге асырмақшы, деп хабарлайды Ресей ғарыш ведомствосының баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл айдың ғарыш бағдарламасы «Интелсат-23» ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышының ұшырылуынан басталады. Бұл шара Ресейғарыштың халықаралық міндеттемелеріне сәйкес 14 қазанға жоспарланды.

Екі ұшырылым Федералдық ғарыш бағдарламасына сәйкес өтеді - бұл «Союз ТМА-06М» көліктік басқарылатын ғарыш кемесін және «Прогресс М-17М» көліктік жүк кемесін ұшыру.

Қазан айында Ресейғарыш барлығы бес ұшырылымға қатыспақшы. Тағы екі ұшырылым Гвиан ғарыш орталығы мен Наро ғарыш айлағынан жүзеге асырылады, деп атап өтеді Ресейғарыш баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар