Қазатомөнеркәсіп компаниясы, Қазақстанның Кембридж Даму қоры және Кавендиша зертханасы Ниеттестік туралы декларация қабылдады

АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Ұлыбританияда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Қазақстанның Кембридж даму қоры (ҚКДҚ) және Ұлыбританияның Кембридж университетінің Физика департаменті (Кавендиша зертханасы) арасында Ниеттестік туралы декларацияға қол қойылды.
None
None

Қазатомөнеркәсіп компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда бұл Қазақстан-Британ экономикалық форумы аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ делагациясының Кембридж университетіне жасаған сапары аясында жүзеге асырылып отыр.

Ниеттестік декларациясына сәйкес Қазатомөнеркәсіп физика және химия саласындағы бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу үшін ҚКДҚ мен Кавендиша зертханасына қаржылай қолдау көрсететін болады. Кеше экономикалық форум кезінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник Ұлыбритания мен Қазақстанның ядролық индустриясы сарапшыларын атом энергетикасы нысандары қауіпсіздігінің стандарттары мен өлшемдері бойынша Қазатомөнеркәсіптің ұстанымымен таныстырды. Сонымен қатар, атом энергетикасы саласындағы ғаламдық тәуекелдерді басқару механизмдері туралы баяндама жасады.

Ұлыбритания мен Ирландиядағы ең көне университеттің бірі саналатын Кембридж университеті әлемдегі ең танымал жоғары оқу орындарының бірі. Онымен қандай да бір байланыста болған адамдар арасынан осы уақытқа дейін 88 Нобель сыйлығының лауреаты шықты. Бұл көрсеткіш жөнінен ол дүниежүзіндегі жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар қатарында тұр. 31 колледж бар оқу орнында 100-ден астам бөлімше, факультет және мектептер бар. 1874 жылы әлемдегі алғашқы оқу-ғылыми зертханасы ретінде құрылған Кавендиша зертханасы физика факультеті және физикалық ғылымдар мектебінің бір бөлігі.

Соңғы жаңалықтар