«Қазатомөнеркәсіп» пен СЕА KAZ PV жобасы бойынша интеллектуалды меншік мәселелері жөніндегі келісімге қол қойды

None
None
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Владимир Школьник пен Франция Республикасының Атом энергетикасы және балама энергия көздері жөніндегі комиссариатының (СЕА) басшысы Бернард Биго «Қазатомөнеркәсіп» пен СЕА арасында KAZ PV жобасы бойынша интеллектуалды меншік мәселелері жөніндегі келісімге қол қойды.

Бұл осыған дейін «Қазатомөнеркәсіп» пен СЕА арасындағы бірлескен ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар жүргізу туралы қол жеткізілген келісімдерге қосымша болып табылады. Құжат бағдарлама барысында алынған жаңа зерттемелерге иелік ету құқығын регламенттейді. Тараптар «ашық есік» ұстанымын пайдаланатын болады. Бұл «Қазатомөнеркәсіп» пен СЕА болашақ инновацияларға бірлесіп иелік етеді дегенді білдіреді.

Айта кетейік, KAZ PV - Өскемен қаласында барынша тазартылып, өңделетін қазақстандық кремний шикізаты. Ол алдағы уақытта елордада салынатын күн батареяларын шығаратын болашақ зауыттың негізгі шикізаты болмақ.

Ал болашақ зауыт іргетасына капсула салу бүгін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Владимир Школьник пен Франция Республикасының Атом энергетикасы және балама энергия көздері жөніндегі комиссариатының басшысы Бернард Бигоның қатысуымен өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар