19:00, 18 Қазан 2016 | GMT +5
Қазатомөнеркәсіп ШҚО-дағы демалыс базасын аукцион арқылы сатты
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін «Үлбі металлургиялық зауытына» тиесілі болған «Үлбі» демалыс базасын сату бойынша бағаны төмендету әдісі бойынша жарияланған электрондық бәссауда сәтті аяқталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Зауыт өкілдері Төртқара көлінің жағалауында 2004 жылы салған инфрақұрылымдық-дамыған демалыс базаларының бірінің енді жаңа иесі пайда болды. Оның есімі әзірге белгісіз.
Төмендету әдісі бойынша сауда-саттық басталған бастапқы баға 345 млн 509 мың теңге болғаны ғана белгілі, соңғы баға жайлы ақпарат жоқ.
Демалыс базасының 6,5 га жер учаскесі бар. Ғимарат пен құрылыстар 3 366 шаршы метрді алып жатыр.
«Үлбі» демалыс базасы» ЖШМ жарғылық капиталына қатысудың 100-пайыздық үлесіне ие «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның еншілес ұйымы.
Еншілес ұйымдарды өткізу бейінді емес активтерді шығару арқылы «Қазатомөнеркіәсіп» ҰАК» АҚ құнын ұлғайту мақсатында жүзеге асырылады.