«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ екі жаңа вице-президенті тағайындалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұрлан Бектасұлы Рыспанов 1961 жылы Павлодар облысында туған. Ленинград су көлігі институтын, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының мүше-корреспонденті, Д.Қонаев атындағы кен ісі институтының докторанты.
Жаңа тағайындауға дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тау-кен активтері және кен-өнеркәсіп активтері дирекцияларын басқарды.
Ғалымжан Олжайұлы Пірматов 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Новосібір мемлекеттік университетін, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техеникалық университетін бітірген.
Әртүрлі уақыттарда Almaty Power Consolidated бас директорының орынбасары, «Қазақстан халық банкі» АҚ жобалық қаржыландыру басқармасының бастығы және басқарушы директоры, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды.
Жаңа тағайындауға дейін «БТА Банк» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.