ҚазАТУ базасында еліміздегі ең алғашқы ауыл шаруашылығы саласының әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті құрылады

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында еліміздегі ең алғашқы ауыл шаруашылығы саласының әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті құрылады. Бұл туралы аталған оқу орнында өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған басқосуда университет ректоры Ақылбек Күрішбаев айтты.
None
None

«Қазіргі кезде біздің алдымызда жаңа әрі маңызды міндеттер тұр. Өйткені Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасыга сәйкес, біздің университеттің базасында еліміздегі ең алғаш ауыл шаруашылығы саласының әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті құрылады. Бұл - оқу орнымыз үшін әлемнің жетекші аграрлық зерттеу университеттері деңгейімен теңесуге жол ашатын маңызды тарихи қадам. Сондықтан біз өзара тиімді әріптестіктің дамуына, талантты жастар мен жоғары білікті мамандарды тартуға ерекше қызығушылық білдіреміз», - деп атап өтті ректор.

Шараға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егор Каппель және Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Әділ Ахметов қатысты.

Соңғы жаңалықтар