ҚазАвтоЖол 8 облыстың жүргізушісіне үндеу жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін кешке бірқатар аймаққа қар аралас жаңбыр жауып, қар түсетініне байланысты қолайсыз ауа райы болжанып отыр. Жолдағы қауіпсіздік мәселесін алға тартып, «ҚазАвтоЖол» ҰК» жолаушыларды сақ болуға шақырды.

ҚазАвтоЖол 8 облыстың жүргізушілеріне үндеу жасады
Фото: Kazinform

— 3 қараша күні кешке Абай, Ақмола, Алматы, СҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, ШҚО және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.  Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — деп жазды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске саламыз.  

Айта кетейік, бүгін қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола облысында жолдағы жылдамдыққа шектеу енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар