Ауа райына байланысты жабылған жолдар тізімі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК қазіргі уақытта күн райының бұзылуына байланысты жабылған жолдар туралы жаңартылған мәліметті жария етті.

трасса, закрыта дорога, метель, автомобиль, буран, автожол, жол жабық, боран, көлік
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Сағат 10:30:

Қостанай облысы:

— «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 339-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Ақмола облысы:

— «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 377-440 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін);

— «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 856-1230 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Қажымұқан ауылына дейін). Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

Сағат 11:00

Қарағанды облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Павлодар облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Сағат 12:00

Ақмола облысы:

«Көкшетау-Атбасар» автожолының 100-184 шақырым аралығындағы учаскесінде көліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 13 ақпан сағат 17:00–де ашу жоспарланған.

Сағат 13:00

Қарағанды облысы:

«Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 1505-1610 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) көліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Сағат 15:00

Абай облысы:

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-1013 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасынан ШҚО шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

— «Таскескен — Бақты» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысы:

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Жетісу облысы:

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 14:00–де ашу жоспарланған.

Осыған дейін «Қазгидромет» еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялағанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар