ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелетінін ескертті
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол жүргізушілерге Қазақстанның екі облысындағы жолда ауа райының нашарлайтынын ескертті.
— 12 қазанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Қалбатау — Семей — Павлодар — Ресей шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеулер енгізілді», — делінген хабарламада.
Павлодар облысы Кенжекөл ауылынан Абай облысы шекарасына дейінгі 427-587 шақырым аралығында шектеу қойылған. Сондай-ақ Павлодар облысы мен Семей қаласына дейінгі 587 шақырымнан 733 шақырымға дейінгі аралықта уақытша жол қозғалысы шектеледі.
Екі учаскеде де жол бүгін таңғы сағат 07:00–де ашылуы мүмкін.
Айта кетейік, ҚазАвтоЖол жауыннан кейінгі жол неге қауіпті болатынын айтты.