12:15, 25 Қазан 2025 | GMT +5
«ҚазАвтоЖол» үш өңірдің жүргізушілеріне ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылғы 25-27 қазан аралығында Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.
-Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады,-делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Осыған дейін демалыс күндерінің күн райы болжамын жарияладық.