«ҚазАвтоЖол» жол жобаларын «шешіп береміз» деген алаяқтардан сақ болуға үндеді
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мердігерлер, қосалқы мердігер ұйымдар мен әлеуетті өнім берушілерге ескерту жасады.
Компания жол жобалары мен жұмыс көлемдерін алып беруге уәде ететін алаяқтар көбейгенін хабарлады.
Компанияның мәліметінше, кейбір үшінші тұлғалар жол жобаларын немесе жұмыс көлемдерін белгілі бір ақшалай сыйақы үшін алып беруге, мәселені «шешуге», мүддені ілгерілетуге немесе тендер нәтижесіне ықпал етуге көмектесетінін айтып ұсыныс жасауы мүмкін.
«ҚазАвтоЖол» мұндай ұсыныстарға сенбеуге және ақша бермеуге шақырады. Компания мұны алаяқтық әрекет деп бағалайды.
Егер осындай ұсыныс түссе, бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ комплаенс-қызметіне дереу хабарлау қажет.
Жедел желі: +7 (717-26) 4-87-35
Байланыс орталығы: 1403
Электрондық пошта: hotline@qaj.kz
Еске салайық, бұған дейін республикалық трассаларда «ҚазАвтоЖолдың» техникалық көмек пикаптары жұмысын бастағанын хабарлаған едік.