ҚазАвтоЖол жұмысына салғырт қараған 5 мердігермен келісімшартты үзді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Республикалық жолдарды салушы және жөндеуші бес мердігер компаниямен келісім тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Биыл 5 мердігер ұйыммен келісімшарт тоқтатылды. Мердігерлер жолды орташа және күрделі жөндеу жұмыстарына салғырт қарап, бекітілген кестеге сәйкес жұмыс атқармады. Айта кетейік, мердігерлер өз міндеттерін орындамаған жағдайда «ҚазАвтоЖол» тарапынан айыппұл салынады. Сонымен қатар, оларды «мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану«туралы сотқа талап-арыздар жіберіледі», - деп жауап берді «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы ҚазАқпарат тілшісі жолдаған сауалға.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта айтылғандай, биыл жол жұмысшыларының жалақысы 30% өскен.

«Жол мамандары мен жұмысшылар жыл бойы жұмыс істейді. Көктемде бастап, күн суытам дегенше жалғастырады. Жұмысшыларды материалдық тұрғыда ынталандырып, кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жыл басынан бері олардың жалақысы 30%-ға көтерілді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар