12:11, 13 Шілде 2010 | GMT +5
«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубында кадрлық өзгерістер болды
ӨСКЕМЕН. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубында кадрлық өзгерістер болды. Жаңа маусым басталар алдында өзгерістер тек ойыншыларға ғана емес, жаттықтырушы құрамына да қатысты болды,

деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Клубтың вице-президенті Юрий Петуховтың ақпараты бойынша, «өзгерістер қажеттіліктен туындады деп сипаттауға болады». «Қазцинк-Торпедо-2» жастар командасынан оның бас бапкері Александр Шимин Теміртау қаласында ашылған жаңа хоккей клубының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалуына байланысты, жұмыстан кеткен. «Жаңа бапкер әлі тағайындалған жоқ», - деп атап өтті Ю.Петухов.
Сонымен қатар, «Қазцинк-Торпедо» командасының әкімшілігі қызметінен Владимир Демиденко кетіп, оның орнына бұрынғы аға жаттықтырушы Виктор Быстрянцев келді.