«Kazenergy-2015» 10-шы еуразиялық форумына Пулитцер сыйлығының лауреаты қатысады

«10 жыл ішінде «Kazenergy» еуразиялық форумы мұнай-газ саласының барлық энергетикалық өндірісі мен кәсіпорындарын біріктіретін беделді әрі ықпалды сұхбат алаңы болып қалыптасты. Еуразиялық форум Қазақстандағы ең ірі халықаралық шаралардың біріне айналып отыр. Оның делегаттары - мемлекеттер мен ведомство басшылары, дүниежүзілік және қазақстандық энергетикалық компаниялардың топ-менеджерлері, саланың жетекші сарапшылары», - деді ол.
Ә.Мағауовтың сөзіне қарағанда, шараға қатысуға келісімін бергендер қатарында IHS вице-төрағасы, «Өндіру» кітабы үшін Пулитцер сыйлығын иеленген Дэниел Ергин, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және Тұрақты энергетика жөніндегі бастаманың бас директоры Канде К.Юмкелла, Жаңаратын энергетика жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Аднан З.Амин, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тот, Энергетикалық хартияның бас хатшысы Урбан Руснак сынды танымал тұлғалар бар.
«Kazenergy еуразиялық форумы дүниежүзілік энергетикалық нарықтың ең ірі ойыншылары арасында сұхбат жасауға және экономикалық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған», - деді ол.
Еске сала кетсек, 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астанада KAZENERGY Х «Энергетиканың жаңа көкжиегі: ынтымақтастық перспективасы және инвестициялар» еуразиялық форумы өтеді.