15:31, 28 Наурыз 2013 | GMT +5
«KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ж. Сәрсенов Энергетика хартиясы конференциясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды
БРЮССЕЛЬ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов Энергетика хартиясы конференциясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне штаб-пәтері Брюссельде орналасқан Энергетика хартиясы хатшылығынан хабарлады.
«Ж. Сәрсеновтің конференция төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалуы Орталық Азияда Энергетика хартиясының рөлін нығайтатын болады, сондай-ақ Энергетика хартиясы үрдісін жаңғыртуға және 1991 жылғы Энергетика хартиясының нұсқасын жаңарту бойынша келіссөздердің ықпалын арттыруға септігін тигізеді», - делінген хабарламада.
Энергетикалық хартиядан хабарланғандай, Ж. Сәрсеновтің мұнай және газ өнеркәсібінде 20 жыл жұмыс өтілі бар. Ол бұл лауазымға тағайындалмас бұрын «ҚазМұнайГаз» ҰК-да (2002-2003) жетекші қызмет атқарған, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» ЖАҚ бас директоры және «КазРосГаз» АҚ бас директоры болды.