«KAZENERGY» қауымдастығының VIII Еуразиялық форумы басталды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының VIII Еуразиялық форумы ашылды.
None
None

Аталған халықаралық жиынға әлемнің жетекші сарапшылары, отын-энергетика саласындағы компаниялардың басшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда. Олардың ішінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов, Францияның бұрынғы үкімет басшысы Франсуа Фийон, Испанияның экс-премьері Хосе Мария Аснар, Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика министрі Сухаил Мұхаммед әл-Мазруи, Қытайдың электр желілері мемлекеттік корпорациясының вице-президенті міндетін атқарушы Женг Баосен және тағы басқа ресми тұлғалар бар.

Форумның екінші күні «Тұрақты энергетикалық болашақты қамтамасыз ету» пленарлық сессиясы өтеді. Оған «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев жетекшілік етпек. Энергияны үнемдеу және қуат көздерін тиімді пайдалану мәселесі де арнайы секцияда қаралады. Сондай-ақ форум аясында энергетиканы дамыту саласындағы әйелдердің рөлі алғаш рет қарастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар